Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Репродуктивті денсаулықты қорғау» тақырыбында жастар арасында онлайн кездесу өтті.
Кездесу барысында денсаулық орталығының психолог маманы репродуктивті денсаулықтың қалыптасу ережелерін кеңінен түсіндіріп, жастарға жан-жақты кеңінен ақпарат берді.
Кездесуге қатысқан орта және арнаулы оқу орындарының студент жастары әртүрлі бағытта сұрақтар қойып, мамандардан кез-келген уақытта денсаулықты қорғау, қоршаған ортаның адам денсаулығына әсер және зиянды әдеттерден арылудың жолдары бойынша кеңестер сұрап, нақты жауаптар алды.