Анадан балаға инфекция берілмес үшін қалалық перзентханадағы білікті мамандардан құралған дәрігерлік топ 5 қараша күні жүкті әйелді жұқпалы аурулар ауруханасының базасында кесір тілігі арқылы босандырып алған.
1986 жылғы әйел салмағы үш жарым келіден асатын дені сау сәбиді дүниге әкелді дейді дәрігерлер. Дені сау болып туылған нәрестесі — қыз. Қазір қалалық перзентханадағы дәрігерлердің бақылауында болса, коронавирус инфекциясына шалдыққан анасы жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр.
Айта кетейік, жүкті әйелден дәрігерлер коронавирус инфекциясын жоспарлы отадан алдын тексеруден анықтаған. Дәрігерлердің сөзінше, инфекцияға шалдыққан науқастың қазіргі жағдайы жақсы.
Азаматша жеті күндей аурухана ем қабылдайды. Ал дені сау болып туылған шақалақ анасы ауруханадан шыққанша, қалалық перинаталдық орталықтағы балалар дәрігерінің қарауында болады.