Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевқа баяндады.
Баяндамасында қала әкімінің бірінші орынбасары білім саласындағы оң өзгерістерге кеңінен тоқталды.
Бүгінгі таңда ерекше атап өтетін жағдай, алғаш рет қалада педагогтар мен білім ұйымдарының қызметкерлерін жұмысқа қабылдау бойынша «HR-Process» жүйесі енгізілді.
«HR-Process» жүйесінің артықшылығы, осы жүйе арқылы үйден шықпай-ақ, педагогикалық қызметке үміткер адам бос орынға өтініш береді.
Арнайы комиссия құрылып, әлеуметтік желіде онлайн трансляция арқылы іріктеуден өтеді.
Конкурс нәтижесі мен барлық бос орындар туралы мәліметтер сайтта орналастырылады.
Білім саласындағы қызметтерді автоматтандырудағы тағы бір атап өтер жетістік – ол балаларды мектепке қабылдау, тегін тамақпен қамтамасыз ету, өзге мектептерге ауыстыру сияқты жалпы білім беретін мектептерге қатысты барлық қызметтерді көрсететін «САКУРА электрондық мектеп» платформасы енгізілді.
Аталған қызметтерден бөлек, қағаз түрінде көрсетіліп келген білім саласының 8 қызмет түрін жыл соңына дейін электрондық форматқа ауыстыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, — деді қала әкімінің бірінші орынбасары.