Шымкент қаласы жастары мен жасөспірімдерін салауатты өмір салтына бағыттау және теріс діни ағымдардан сақтау мақсатында «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу” тақырыбында Zoom видео-байланыс ақпараттық жүйесінде онлайн тренинг жүргізілді.
Кездесуге Шымкент қалалық білім басқармасының Политехникалық колледжінің психолог мамандары Қымбатова Диларам Алтайқызы, Көпбай Тұрсынай Нұркенқызы және социолог маман Оспанова Толқын Әмзеқызы және аталған колледждің студенттері қатысты.
Мақсаты — жастар мен жасөспірімдердің арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, өз мүмкіншіліктерін анықтап, қоғаммен және өзара қарым-қатынасындағы жағымды мінез ерекшеліктері мен сенімді мінез-құлықтарын қалыптастыру болып табылады.
Қамтылған жастар саны-86 адамды құрады.