Онлайн оқыту Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде де сәтті жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда мұнда шетелдік оқу орындарымен тығыз байланыс орнатылған. Сыртқы академиялық ұтқырлық аясында бірнеше жылдан бері өзге мемлекеттердегі 20-ға жуық ЖОО-мен тәжірибе алмасу жүзеге асырылуда. Шәкірттер арасында осы уақытқа дейін тіпті шекара асып өзге елдің тілі мен мәдениетімен танысып қайтқардар да бар.
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің негізі 1998 жылы қаланған. Биыл 2000ға түлекті оқуға қабылдады. Оқу орын қабырғасынан 28 мамандық бойынша мамандар дайындалады. Ал, магистрлік 7 кәсіп иегерін оқытады. Мұнда шәкірттердіңуақытын тиімді ұйымдасытруға жіті назар аударылған. Студенттер негізгі білімнен бөлек, қосымша түрлі үйірмелерде пайдалы іспен айналысады.
Дидар Ахан- студент
Қазір мұнда польшалық профессорлың Экономика және бизнес саласы бойынша дәрісі өтуде. Краков қаласында орналасқан АGН «Ғылыми — техникалық университетінің» қызметкерінің лекциясын шәкірттерден бөлек, мамандар да тыңдап, тәжірибе алмасуды. Ол аптасына 2 рет байланысқа шығады.
Нұрзақ Дүйсенов — Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінің проректоры
Оқу орын жанынан 200 орындық жатақхана ашылған. Қазір мұнда қашықтан оқытуға байланысты босорындар көп. Дегенмен, шалғай ауылдардағы байланыстың нашарлығына байланысты жатақханада тұруға жағдай жасалған.
Д.Өмірзақова