ТУРИЗМ МЕНЕДЖЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Шымкентте туризм саласының мамандарына, гид – экскурсоводтарға және қаланың БАҚ-өкілдеріне арналған арнайы туристік тренинг — экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурцияға қатысқан т.ғ.д ҚР ҰҒА Академигі, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры, археолог және тарихшы Бауыржан Байтанаев арнайы шақырылған болатын.

Туризм менеджерлері әуелі «Ескі қалашық» аумағындағы Цитадельде болып, тарихи-мәдени орыннан табылған археологиялық жәдігерлер туралы мәліметтерге қанықты.

Одан кейін экскурсоводтар Қарашаш ана, Ибрагим ата және Мәртөбе секілді қаланың киелі орындарында болды. Бұл нысандардың Қазақстан тарихындағы маңыздылығы жөнінде түсіндірілді.

Сонымен қатар, семинар-тренинг барысында халықаралық іс-шараларды дестинацияға тарту, гид – экскурсоводтардың жұмысын жақсарту, MICE-индустриясының негіздері басқару және дестинация бірегейлігін тәжірибесін жетілдіру, халықаралық ассоциациялардың іс-шараларын тарутудың әдістері, замануи трендер секілді тақырыптар қарастыраптарды дәріс оқылды.

Айта кетейік, семинар-тренингті туризм саласындағы мамандардың қызмет көрсету сапасын жақсарту және білімін жетілдіру мақсатында туризм басқармасы ұйымдастырған болатын.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі