Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартуды, оны алдын алу мен жазалауды ұтымды үйлестірумен құрылған және іске асырылады.
Осы ретте құқыққа қарсы әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы заңдылықтың аса маңызды қағидаты ғана емес, сонымен қатар қоғамдық әділеттілікті қамтамасыз етудің көрсеткіші де болып қалуда.
Мемлекеттік қызметкерлер мен еліміздің азаматтары сыбайлас жемқорлық үшін әлеуметтік және қылмыстық жауапкершілікті түсінуі қажет.
Қылмыстық жауапкершілік пара беру, алу, делдалдық, жәрдемдесу және пара беруге арандату үшін көзделген.
Лауазымды адамға пара бергені үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 367 – бабы) 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген (егер пара аса ірі мөлшерде болса-бұл 10 мың АЕК-тен астам), сондай-ақ мүлікті тәркілеу, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру, әскери атақтардан, сыныптық шендерден, мемлекеттік наградалардан айыру және т. б. сияқты елеулі айыппұлдар мен қосымша санкциялар қарастырылған.
2017-2019 жылдар және 2020 жылдың 5 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен пара беру фактісі бойынша 1000-нан астам қылмыс тіркелді.
Бұл ретте соңғы 3 жылдағы динамика пара берушілерге қатысты қылмыстарды тіркеу фактілерінің өскенін көрсетеді (2017 – 255, 2018 – 232, 2019 – 342, 5 ай 2020 — 172).
Ағымдағы жылы пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың 20%-ы (114 қызметкердің 22-сі) мемлекеттік қызметкерлердің өздері болып табылады. Олар сотталудан бөлек мемлекеттік қызметтен босатылған және мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеу құқығынан айрылған.
Талдау көрсеткендей, көп жағдайда жеке компаниялардың өкілдері пара беруші болып табылады.
Қылмыстық жауапкершіліктен тек бір ғана тәсілмен құтылуға болады — ешқашан пара беруге және алуға болмайды.
Қазіргі жағдайда біз қоғам тарапынан нақты және пәрменді қолдау арқылы ғана табысқа жетеміз. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл, халықтың белсенді қатысуымен ғана мүмкін болады.
Әділ және мәдени қоғамда өмір сүру және өз балаларыңызға да осындай қоғам құру үшін өзіңізден бастаңыз «пара бермеңіз және пара алмаңыз», адал болыңыз және болашақ ұрпақты әділ және айналасындағыларға адал болуға тәрбилеңіз.
Ал егер сізден пара бопсаласа, 1424 нөмірі бойынша CALL-CENTER-ге хабарлаңыз.