Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді талдау, бейімдеу және енгізу мақсатында проактивті ғылыми-кәсіби қоғамдастықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды кешенді ғылыми-сараптамалық бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жобалық ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан Ғылыми сарапшылар кеңесі құрылып, алғашқы отырысы өтті.
Агенттіктің жаңа консультативтік-кеңесші алаңы Ұлыбританиядағы қазақстандық PhD қауымдастығының және әлемнің басқа да жетекші жоғары оқу орындарының жүзден астам жас ғалымдарының басын біріктірді.
Ол, бірлескен жұмыстың мақсаттары мен міндеттері ретінде дамыған мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттарын қолдану практикасын зерделеуде, оларды біздің республикамызда іске асыру тетіктерін әзірлеуде ғалымдардың жәрдемдесуі қажет екенін атап өтті.
Өз кезегінде Ұлыбританиядағы қазақстандық PHD қауымдастығының президенті, Кеңес басшысы болып сайланған Әлия Сембаева қауымдастықтың табысты тәжірибесі негізінде, оның жұмысының пайымын таныстырды. Өз сөзінде ол ашық, бәсекеге қабілетті және достық тәжірибелер негізінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруға ғылыми негізделген тәсілді енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Отырыс барысында PhD докторлары мен докторанттары, оның ішінде Австралия, Ұлыбритания және басқа еуропалық елдердің іс-шараға онлайн қатысушылары жекелеген бағыттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.
Мәселен, Satbayev University инновациялар жөніндегі басқарушы директоры Шыңғыс Черниязданов еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орнының атынан қатысушыларға Қазақстандағы ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылы бойынша тәсілдерін жеткізді, сондай-ақ Президенттің ҒЗТКЖ-ға қатысты тапсырмаларын орындау бойынша ұсыныстарын ұсынды. Спикер елімізде талантты ғалымдар үшін және қазақстандық ақыл-ойды шетелден тарту үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығына назар аударды.
Кеңес сарапшылары жұмыс істей бастаған тағы бір жоба – жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі. Отырыс барысында әлеуметтік зерттеулер негізінде, шешу жолдарын кеңестің сарапшылар тобы ұсынды (Арман Рахимов, Анар Мұхтарова. Гүлшат Түсіпова, Мөлдір Қабылова).
Өз тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күресушілер әзірленген ұсыныстарды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдайды.
Агенттік, ғылыми қоғамдастықпен сындарлы өзара іс-қимыл еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.