Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды (whistleblowing) қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары үшін шетелдік юрисдикцияларда активтерді иеленуге тыйым салу жөніндегі шараларды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Осы мақсатта 2020 жылғы қыркүйекте шет елдердің жемқорлыққа қарсы ведомстволары басшыларымен кездесулер өткізіліп, басқа елдер тап болған жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асырудағы тәжірибелері мен қиындықтары зерделенді. Тараптардың әрқайсысы өз елінің жемқорлыққа қарсы саясатының бағыттарын және оның нәтижелерін баяндады.
Моңғол тарапы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының жекелеген ережелерін іске асыру тәжірибесін жан-жақты айтып өтті.
БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 20-бабын іске асыру тәжірибесі зор қызығушылық тудырады. Мемлекеттік қызметші табысының едәуір артуының заңдылығы расталмаған жағдайда түрмеге қамалуы мүмкін. Сонымен бірге, аталған активтер тәркіленеді, айыппұл салынып, мемлекеттік қызмет атқаруға шектеу қойылады.
Моңғолияда пара ұсыну мен оны қабылдауға келісім криминализацияланған. Мұндай құқық бұзушылықтар 5000$ дейінгі айыппұлмен немесе кейін мемлекеттік лауазым атқару құқығынсыз 5 жылға дейін бас бостандығын шектеумен/айырумен жазаланады екен.
Кездесу соңында тараптар одан әрі ынтымақтасу және халықаралық стандарттарды енгізу барысында өзара тәжірибелік қолдау көрсету туралы келісімге келді.