Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды іске асыруда қабылданған құқықтық актілер

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 113-ө өкімімен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі бекітілген.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мынадай нормативтік құқықтық актілер бекітілген:

-Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы;

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы.

Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мынадай нормативтік құқықтық актілер бекітілген:

-Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептерді ұсынуы қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы;

-Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзгеше түрде жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы;

-«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Өз кезегінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның ведомстволық бұйрықтарымен мына актілер бекітілген:

-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жариялануға жататын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы;

-Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы;

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы;

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкiмшiлiк іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкiлiн күштеп әкелуді жүргiзу қағидаларын бекіту туралы.

Осы қабылданған құжаттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының негізін қалайтын күнделікті жұмыста башылыққа алатын құжаттар болып табылады.