Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі кезде бізде қоғамдық көмекшілер, волонтерлер саны 80 мыңнан асып отыр.
Бізге көмектесетін адамдар бұл қолдаулары үшін еңбекақы немесе басқа да төлемдер алмайды, яғни ел игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Сондықтан барша қоғамдық серіктестерге алғыс айтамыз және ниет білдірген барша азаматты агенттікпен қатар жемқорлыққа қарсы тұруға шақырамыз», — деді О. Бектенов.
Сонымен қатар ол «Адалдық алаңы» жобасына тоқталды.
Қазіргі кезде бұл жоба жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың ауқымына ие болды.
Себебі барша қала мен облыстарда, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар деңгейінде жүзеге асырылып келеді. Барлық жерде жобалық кеңселер құрылып, әр саладағы жемқорлыққа тосқауыл қойылып жатыр.