Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұжырымдамасына сүйенсек, адам өмірінің ұзақтығы бірнеше факторлаға байланысты.
Бірінші кезекте адамдардың денсаулығы мен өмірінің ұзақтығы олардың өмір сүру салтына – 50%, қоршаған орта мен экология әсеріне – 20%, тұқымқуалаушылық факторға –20%, медицина саласының қызмет деңгейіне 10% байланысты.
Физиологтар қартаюды жасушалық заттың физикалық-химиялық құрамының өзгерісінен десе, екіншілерінің ойларынша, ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың, физиологиялық үдерістердің төмендеуі дейді.
Бірақ қалай десек те, қартаю табиғи құбылыс. Қартаймаудың негізгі жолы дәрі-дәрмек емес, саламатты өмір сүру салты мен мәдениеттілік, ағарту ісі мен тәрбиенің деңгейіне байланысты екенін ғалымдар бірауыздан мойындап отыр.
Әзірге герантолог ғалымдардың пікірінше, саламатты өмір салтын сақтап, тиімді тамақтанып, стрестен бойды аулақ ұстаған адамның өмірі ұзағырақ болады.
Бұл мәселеде дін өкілдері де қалыс қалмады, олар өміріңіз мәнді де мағыналы болу үшін, жүрегіңізде иман болуы шарт, яғни кісіге қиянат жасама, тек жақсылық істе дейді. Сол арқылы өзіңіз Алланың нұрына бөленіп, сүйікті құлына айналатыныңызды уағыздайды.
Қартаюдың негізгі себептері:
1. Иықты тік ұстамау.
2. Судың жетіспеуі. Шай, кофе, газдалған сусындардың ешқайсысы да ағзадағы сұйықтықты тепе-теңдікте ұстап тұру процессіне қатыспайды. Сондықтан да күнделікті таңертең аш қарынға екі стакан су ішіп тұруды әдетке айналдырыңыз. Тамақ алдында су ішу өте пайдалы.
3. Аз ұйықтау салдары. Дұрыс ұйықтамау, ұйқының қанбауы, сонымен қатар түнгі уақытта ұйықтамау көңіл-күйімізге ғана емес, денсаулығымызға да мол әсерін тигізеді. Түнде коллаген белсенді түрде түзіледі. Ал коллагеннің жетіспеушілігі терінің екі есе тез қартаюына себепкер болады.
4. Қабақтың түйілуі. Қабақтың түйілуі, көңіл-күйдің болмауы, реніш пен өкпе бет бұлшық еттерін тырыстырып, бет терісіне әжім түсіріп қана қоймай, кәрілік сызықтарының барынша ұлғая түсуіне себепкер болады.
5. Ұзақ уақыт тапжылмай отыру. Жұмыста күн ұзақ компьютер алдында, ал кешке үйге келгенде теледидар алдында тапжылмай отыру адамды тезірек қартайтып, көптеген ауруларға әкеп соқтырады. Сондықтан көбірек қозғалуға, кеңседе ауық-ауық дене жаттығуларын жасап тұруға әдеттеніңіз.
6. Беттегі макияжды жумай ұйықтау. Жуылмаған тональді крем терідегі ұсақ тесіктерді бітеп, түрлі қабынуларға себепкер болады.
7. Тұз бен қантқа құмарлық. Қант дегенде – ол сіздің шайға қосқан екі шақпағыңыз ғана емес, күнделікті тұтынатын ас мәзіріңіздің барлығында дерлік белгілі мөлшерде қант бар. Дәл сол сияқты тұз да тағамдардың бәрінде кездеседі.
8. Артық тамақтану. Өзіміз тойсақ та, көзіміз қимай, байқаусызда артық жеп қоямыз. Мұндай жаман әдеттен арылу керек. Артық тағамды қорыту үшін ағзаға мол күш түседі. Бұл да өз кезегінде қартаюға бір қадам жақындата түспек.
Ақпарат көзі:Денсаулық және massaget.kz