Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттарды енгізу бойынша, соның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары үшін шетелдік юрисдикциялардағы активтерді иеленуге тыйым салу, заңсыз баю үшін жауапкершілік енгізу жөніндегі Антикор қабылдаған шаралар қаралды.
Агенттік төрағасы Бразилия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рубем Антонио Корреа Барбозамен кездесіп, Қазақстанда жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы реформаларды талқылады.
Кездесу барысында саяси жаңғыртуға, парламентаризмді дамыту мен Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларға ерекше назар аударылды.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүйелі және бірізді іске асыру ұлттық тәжірибе ауқымы мен озық халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді тартуды ескерумен өзін-өзі жетілдіру режимінде тұрақты тұрған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бірегей үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Қазақстанның Оңтүстік Америка елдерімен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ынтымақтастықты кеңейту жолындағы алғашқы ел – Бразилия.
Өз кезегінде Корреа Барбоза өз елінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының институционалдық негіздері туралы айтып берді.
Бразилияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіне 5 негізгі субъект кіреді: бас бақылаушы, федералды полиция, федералды есеп палатасы, қоғамдық министрлік және қаржылық қызметті бақылау кеңесі.
Әлемге әйгілі «Ашықтық порталы» ресми мемлекеттік ресурсы Қазақстан тарапының ерекше қызығушылығын тудырды. Онда федералдық бюджет пен штаттар бюджеттері шығыстарының баптары, елдің саясаткерлері мен шенеуніктерінің декларациялары, сондай-ақ азаматтар мен БАҚ-ты қызықтыратын бірқатар өзге қаржылық ақпарат орналастырылған. Елшінің айтуынша, портал бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылаудың қуатты құралына айналды және оның арқасында мемлекеттік аппараттың шығыстары 25% — ға қысқарды.
Кездесу соңында тараптар құзыретті органдармен қоса, одан әрі ынтымақтастық туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзара қолдау көрсету туралы уағдаласты.