Шымкент қаласы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің ұйымдастырумен жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын кеңсе қызметкерлерімен қабылдау және келісу, мемлекеттік тіркеу барысында бақылау белгілеу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында семинар өткізілді.
Семинар барысында құжат айналымы қызметкерлерімен жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларының ерекшеліктеріне қарай келісу, мемлекеттік тіркеу бақылау белгілеу мерзімдерінің мерзімдерін, жауапты мамандарды, келісуші және қол қоюшы тұлғалар туралы түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдарының интранет порталы модуліндегі кеңсе рөліндегі қызметкердің құқықтары мен міндеттері туралы айтылды.
Семинар қорытындысымен әділет органдардың жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу, мемлекеттік тіркеу барысында мерзімдерін сақталуы туралы және заңнаманың талаптарын қатаң сақталуы ұсынылды.