Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Kazmedpribor» ЖШС-ның қазіргі жағдайымен танысу сәтінде осылай деді.
– Бірінші толқын кезінде қалада 3810 орын болса, қазір бес мыңнан астам адамға дайындадық. Біз күніне 1500 адамға қызмет көрсете алатын үш КТ аппаратын сатып алдық. Қаланың ауруханаларына 330-дан 600-ге дейін жасанды тыныс алдыру аппараттары жеткізілді және бұл көрсеткіш арта бермек. Сондай-ақ, ауруханалардағы оттегі пункттері мен реанимациялық төсектер санын көбейттік. Үш рет оқу-жаттығу өткізілді. Бұл пандемияның екінші толқыны жағдайында барлық медициналық мекемелер мен жедел жәрдем станцияларын бірлесе жұмылдыруға мүмкіндік берді. Адамдарды үйде және қашықтықтан емдеу бойынша емханалармен тұрақты жұмыс жұмыс істелінуде. Қазір бізде 211 жылжымалы бригада бар, – деді қала әкімі.
Қала әкімінің айтуынша, Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Инфекция ошақтары және байланыста болған адамдар амбулаторлық бақылауға алынады.
– Қазір біз жағдайды мұқият бақылап, басқа аймақтарға да назар аударып отырмыз. Екінші толқын мен науқастардың күрт өсуі жағдайында біз бір мезетте 5000 төсек орын дайындай аламыз – деді қала әкімі.
Сондай-ақ, М.Әйтенов биыл қаланың медициналық мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтауға 6,6 млрд теңге қарастырылғанын атап өтті. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш алты есе көп.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі