«МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Өздеріңізге белгілі, ауыл шаруашылығы саласы оның ішінде мал шаруашылығы саласының ел экономикасының дамуында үлесі зор.

Осыған орай, «Көрме» орталығында қаламыздың мал шаруашылығы саласын одан әрі дамыту үшін тәжірбие алмасу мақсатында Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен және Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің профессоры Темирбек Сауле Каюмовна, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мырзакулов Серғалы Мейманқұлұлы, ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Махмутов Абзал Қасенұлы, клиникалық ветеринариялық медициналық кафедрасының аға оқытушысы Еспанов Жанарбек Узакович және Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы кооперативтері және өнім өндірушілері қауымдастығының басшысы Сатқанбаев Еркін Тұрниязұлының қатысуымен «Мал шаруашылығы саласы» атты тақырыпта оқу семинары өтті.

Бұл семинарға қаламыздың мал шаруашылығы саласымен айналысатын бірқатар шаруа қожалық иелері және ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарамсының қызметкерлері қатысты.

Айта кетейік, оқу семинарын өткізуді ұйымдастырудағы мақсат-қаламызда мал шаруашылығы саласын жан-жақты дамыту болып табылады.

Семинар барысында ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдарының кандидат, пофессорлары:

— «САЖ» жүйесінде асыл тұқымды малдарды есепке алуды жүргізу.

— Асылдандыру жұмысы, етті мал шаруашылығын цифрландыру.

— Тауарлы мал шаруашылықтарында жас малдарды ұстау, өсіру технологиясы және ірі қара малдарды азықтандыру әдістері жайында кеңінен түсіндіріп, семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен бірге семинар соңында «Мал шаруашылығы саласы» атты тақырыптағы оқу семинарына қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.