КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ІЗГІ ІС АТҚАРДЫ

Көші-қон қызметінің қызметкерлері жалғызбасты анаға жеке куәлігін алуға көмектесті. ҚР Ішкі істер министрлігі БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының Қазақстандағы өкілдігімен және «әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» «Сана сезім» қоғамдық бірлестіктері бірігіп құжат алуға жәрдемін берді.

Аталмыш шара аясында Шымкент қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмаған екі баласы бар жалғызбасты анаға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуға көмектесті. Индира 1984 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған. Ол Осы уақытқа дейін жеке кәсіпкерлерде жалданып жұмыс істеді, себебі құжаттары болмаған. Ағымдағы жылдың қазан айында азаматша Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды. Бұл көші-қон қызметі қызметкерлерінің «Сана сезім»қоғамдық бірлестікөкілдерімен  ұйымдасқан жұмысының нәтижесінде жүзеге асты. Сондай-ақ, оның балаларына құжаттарды ресімдеу жұмыстары басталды.