КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНУДА

Шымкентте күн электр станциясы салынуда. Табиғи жолмен қуаттанатын нысанның сметалық құны 7,6 миллиард теңге. Жобаны Ресейлік инвесторлар қаржыландырып отыр. Қазіргі таңда шетелдік «Хевел» компаниясы құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Электр станциясы пайдалануға берілсе жылына 20 мегават энергия өндіреді. Яғни, станса 10 000 үйді жарықтандыруға қауқарлы.

Электр станциясы «Жаңартылған энергия көздері» жобасы аясында жүреге асқан алғашқы бастама. Нысанның аумағы 50 га құрайды. Оңтүстік өңірі жайма шуақты аймақ. Сол себепті күн көзінен энергия өндіру бұл қала үшін өте тиімді, дейді мамандар.

Біржан Әзімбердиев –Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды -инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы

Жыл басынан бері шетелдік инвесторлармен бірлесе 5 жоба іске асуда. Қалаға қаржы құюға Ресей, Түрік, Корея, қытай елдерінің компаниялары ықылас танытқан. Биылғы карантиндік режимнің салдарынан шетелдік шекаралар жабылғанымен шаһарға салынған шетелдік инвестиция көлемі былтырғыдан жоғары екен.

Дархан Иманбеков –«Kazakh Invest» ҰКАҚ Шымкент қаласы  бойынша өңірлік директоры

Дидар Өмірзақова – журналист

Бүгінгі таңда мұнда электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың 80пайызы аяқталған. 140-қа жуық маман тартылған. Мамыр айында басталған құрлыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде