КОРОНАВИРУСТАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ ҰДАЙЫ ЕСТЕ БОЛУЫ ТИІС

19 қараша күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда өткен тәулікте 762 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы Сoronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Аймақтар бойынша тоқталсақ: Нұр-Сұлтан қаласы – 81, Алматы қаласы – 43, Шымкент қаласы – 7, Ақмола облысы – 42, Ақтөбе облысы – 4, Алматы облысы – 33, Атырау облысы – 17, Шығыс Қазақстан облысы – 252, Жамбыл облысы – 10, Батыс Қазақстан облысы – 40, Қарағанды облысы – 20, Қостанай облысы – 60, Қызылорда облысы – 5, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 65, Солтүстік Қазақстан облысы – 79, Түркістан облысы – 2.

Қазақсанда осы уақытта коронавирустан 9 961 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 464 бала бар. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 123 097.

Осы орайда, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде тағып жүруге шақырады.