ЖЫЛ САЙЫН ТУРИСТЕР ҚАТАРЫ АРТУДА

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы «Туған жер» жобасы аясында өлкелік туризмді дамытуға баса мән беру қажет деген болатын. Тұңғыш Президент тапсырмасы Шым шаһарда жүйелі түрде орындалып келеді. Бүгінде көне қала туристердің ағынын қабылдай отырып, түрлі қызметтерін ұсынады.

Сала мамандарының сөзінше, Шымкенттің туристік маңызы өте үлкен. Атап айтқанда, шым шаһар Ташкент, Бішкек және Қазақстанның солтүстік өңірін қосатын тоғыз жолдың торабы саналады. Бүгінде инфрақұрылымы дамыған үшінші мегаполисте ішкі және халықаралық туристік нарықта белсенді сегменттің қалыптасуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалған.

Олжас Шинтаев – Шымкент қаласы Туризм басқармасының басшысы

150 км қашықтықта, 2 сағаттық жолда айналамызда 150 ірі туристік нысандар орналасқан.  Ташкент қаласы да жақын. Оның барлығы да біздің қаламыздың туристік тұрғыдан дамуымызға үлесін қосады. Оған бізде барлық мүмкіндіктер жасалған.

Қалада 100-ден астам  қонақ үй мен 10 саябақ, 7 мұражай, 25 әлеуметтік-мәдени нысан, 5 театр мен 18 аквапарк және 6 табиғи су қоймасы орналасқан. Жыл сайын мұнда келетін туристер саны өсуде, — дейді Туризм басқармасының басшысы.

Олжас Шинтаев–Шымкент қаласы Туризм басқармасының   басшысы

Карантин кезеңінде шетелге бағыттардың жабық болуы, ел азаматтарының ел арасында саяхаттауына үлкен септік тигізді. Оның ішінде Шымкент алдыңғы қатардан көрінді. Қазақстан ішіндегі әуе рейстерінен Шымкентке жаңа 8 бағыт ашылды. ФлайАрыстан компаниясымен келісімшарт түзілді.

Сондай-ақ, Шымкентте туристерге қызығушылық тудыратын киелі жерлер көп. Мұндағы музей-қорықтар — болашақ ұрпақ үшін аса құнды мәдениет ескерткіштерін сақтап қалуға мүмкіндік береді, туристерді тартуда бәсекеге қабілеттілікті арттыратыны сөзсіз.

Перизат Ортай