Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажеттігі баса айтылған.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігі заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілену керектігі көрсетілген.
Сондай-ақ, заңсыз әрекетке және арандатушылық әрекетке барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалай отырып, ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқтығы көзделген.
Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы да қабылданған. Оның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу болып табылады.
Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар көріп отырғаны баршаға белгілі. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Олар туралы бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар және радио арқылы қоғам мүшелеріне жеткізіліп жүр.
Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы барлық қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.
Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі республикалық «Адалдық алаңы» және «Адал ұрпақ» жобасын іске қосу арқылы барлық мемлекеттік мекемелерде және жоғары оқу орындарында азаматтардың өзі-өзіне қызмет ету бұрыштары мен адалдық алаңы фронт- офистері ашылып сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жаңа әдістер енгізу мақсатында жоба менеджменті қолданыла бастады. Сонымен қатар студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында университеттерде тұрақты түрде «Таза сессия» штабы жұмыс істеуде. Бұл өз кезегінде еліміздегі жастардың алған білімдері арқылы оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулыдан айналып өтуге сеп болмақ.
Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесінде прокуратура да сүбелі үлес қосып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоғары қадағалаудың және басқа да лауазымдық қызметтің барлық қосалқы атқарымдардың тұрақты басымдықтарының бірі болып табылады. Прокуратура органдары да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында мемлекеттік қаржының мақсатты жұмсалуына үнемі тексерулер жүргізіп отырады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайтуды қамтамасыз етуде. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына әрекет ету — прокуратура органдары қызметкерлерінің басты міндеті екендігі айтылған. Дейтұрғанмен бұл бағыттағы атқарылар шаралар мен қарсы күрес жұмыстары — баршамызға ортақ іс деп қарауымыз керек.
Сонымен қатар жаңа бағдарлама – «Электрондық Үкімет» енгізілді, онда мемлекеттік шешімдер қабылдау кезінде ашықтық пен айқындықты сәйкесінше, олардың қоғамдық институттардың бақылауында болуын қамтамасыз ету көзделген.
Мемлекеттік қызметке іріктеу кезінде және одан әрі жоғарылату кезінде де білімі, еңбек өтілі, сондай-ақ қызметшілердің атқаратын лауазымында лауазымдық міндеттерін тиімді орындауы үшін қажетті құзыреттіліктердің болуы басты назарға алынған.
Елбасының мемлекетіміздің тағдыры үшін маңызды құжатында айтылған мемлекеттік қызметтегі тұлғаларға қойылатын талап «Әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да жаны да таза, сауатты және білікті, біреуге тәуелді болмайтындай жағдайда болса екен», — деген жұртшылықтың пікірімен үндескендей.
Мемлекет басшысының меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыруда «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Әдеп кодексінің қабылдануы ерекше орын алады. Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральды-этикалық бейнесіне қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ олардың мінез-құлқының базалық стандарттары айқындалды.
Мемлекет басшысының осы Жарлығымен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілді, оның құзыреттерінің бірі ретінде қызметтік әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет туралы заңнама бұзушылығының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау айқындалды.
Осы орайда Шымкент қаласының Әділет департаментінде арнайы магистр психологтардың бірқатар қызметкерлерге тиімді іскерлік қарым-қатынасқа оңай қол жеткізуі және тұлғалық құзіретті дамытуды көздейтін стратегиялық бағыттағы формулалар түсіндіріліп, семинар тренингтер үнемі өткізіліп, мекеме қызметкерлерімен қабылдау жүргізіліп отырады.
Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн.
Қазақстан — көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.
Парасаттылық қағидаттарын ұстанып, адалдық, әділдік, әдептілік және сатылмаушылық сияқты құндылықтар мінез – құлық нормасына айналуы тиіс.
Парасаттылық тек заңдылық пен әдепті сақтау ғана емес, бұл қоғамға қызмет ету құндылықтарына бейімділік, адамдардың мәселелеріне жанашырлық таныта білу.
Тіпті азаматтың өтінішіне заңға ресми сілтеме жасай отырып, құрғақ заң тілімен емес, барлығын егжей-тегжейлі зерттеп, мәселені шешуге көмектесуге тырысу – бұл парасаттылық.
Әрбір қоғам дамуының күнгей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалын жақсартып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетумен қатар халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқасымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Шымкент қаласы Әділет департаменті
басшысының орынбасары О.Тастанов