Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыда құқық бұзушыларға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.
Бірінші кезекте пара беру себептерін, пара алу жағдайларын түп-тамырын жоюға қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет.
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауда «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болды» деп көрсетті. Елбасымыз айтып өткендей, дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін басты мәселе сыбайлас жемқорлықпен күрес, алдын-ала болдырмау шараларын жүргізу.
Елбасының саясатын қолдай отырып, еліміздің экономикасын өркендету мақсатында біздер, яғни Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заң бұзушылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге ат салысу керек.
Еңбекші ауданы бойынша МКБ- ның есеп, талдау және ақпаратты технологиялар бөлімінің басшысы Джандарбекова