Дұғаның қабыл болуының басты уақыттары:
- Қадір түні;
- Парыз намаздарының соңы;
- Түннің соңғы бөлігі;
- Азан мен қамат арасында;
- Парыз намаздарына азан айтылғанда;
- Намазға қамат айтылғанда;
- Жаңбыр жауғанда;
- Жұма күнінің бір сағаты;
- Зәмзәм суын ізгі ниетпен ішкен кезде;
- Сәждеде жатқанда;
- Түн уағында ұйқыдан тұрып, қылған дұға;
- Жүніс пайғамбардың дұғасымен тілесе;
- Басқа бәле-қаза төнгенде;
- Дәрет алғаннан кейін;
- Арафа күні;
- Рамазан айында;
- Мұсылмандар жиналып Алланы зікір еткен кезде;
- Әтеш шақырғанда;
- Зул-хижжа айының алғашқы онкүндігінде;
Дұғаның қабыл болуының ең үлкен, ең маңызды шарттары:
Бірінші шарт: Ықылас-ынта. Ол – дұға мен оған амалды барлық күмән туғызатын нәрселерден таза орындау, барлық істі бір Аллаға тапсыру;
Екінші шарт: ұдайылық. Бұл – тек дұғаның ғана емес, ғибадат түрлерінің барлығының да шарты;
Үшінші шарт: Алла тағалаға шын сенім мен дұғаның қабыл болуына анық илану;
Төртінші шарт: дұғаны жүректен шығару, Раббыдан қорқу, Алланың алдындағы мол сауаптан үміт етіп, жазаларынан жасқану;
Бесінші шарт: дұғаны нық шешіммен, ыждағаттылықпен, байсалдылықпен тілеу. Мұсылман Раббысына тілеу тілегенде айнымас нық шешіммен, ынты-шынтысымен беріліп дұға қылуы керек.