Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 124 қаулысымен Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген.
Бағдарламаның паспортында оны әзірлеу үшін негіздеме, бағдарламаны әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган, бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар, оның мақсаты мен міндеттері, іске асыру мерзімдері, нысаналы индикаторлар, қаржыландыру көздері мен көлемдері қарастырылған.
Бағдарламада ағымдағы ахуал, қажетті ресурстар талданады.
Сонымен қатар, бағдарламаның қосымшасы ретінде Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың қатарында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдіктері де бар.