БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕН ҮЕҰ БАСШЫЛАРЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен қаладағы үкіметтік емес ұйым өкілдерінің басшыларымен бейне конференция өтті. ZOOM платформасында өткен конференцияда білім басқармасы мен ҮЕҰ өкілдері өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға  қол қойды.

Аталған құжат негізінде алдағы уақытта атқарылатын бірлескен жұмыс жоспары түзіліп, бекітілді.

Іс-шараға қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева. «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филалының әйелдер кеңесінің төрайымы Баян Жандосова, «Шымкент Азаматтық Альянсы» ЗТБ құрылтайшысы Жанетта Жазықбаева, «Интеллект» экономикалық және азаматтық білім беру орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Зоя Сейтбекова және тағы басқа ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Жалпы екіжақты келісім аясында бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, білім берудің инновациялық түрлерін енгізуге,  жаңа буын балаларын оқыту мен тәрбиелеуге, бүкіл білім беру жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие болатындай құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламалары жүзеге асырылмақ.   

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы