Бүгінгі таңда мемлекет Басшысының Жолдауын орындау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған «Адалдық алаңы» жобасы іске асырылуда.
Жобаның тұжырымдамалық негізі Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау және парасаттылық мәдениетін ілгерілету контекстінде қоғамдық бақылауды пәрменді іске асыруды қамтамасыз ету болып белгіленді.
Өңірлік жобаларға басшылық жасауды қоғам өкілдері әкімдіктермен және Агенттіктің аумақтық департаменттерімен тығыз өзара іс-қимылда жүзеге асыратынын атап өткен жөн.
Жобалық кеңсенің құндылықтарын ілгерілету және халық мәселелерін жедел шешу үшін өңірлік жобалық кеңселердің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша облыстар, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Жауапты тұлғаларды бекіту жолымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін күшейту бойынша осындай жұмыс аудандық деңгейде жүргізілуде.
Бұл тәсіл мемлекеттік органдар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне, қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға, сондай-ақ жобалық басқару қағидаттарына сәйкес келетін әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуге ерекше назар аударуға мүмкіндік береді.