ҚАЗАҚСТАН ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ТИІМДІ БАҚЫЛАЙТЫН ЕЛДЕР САНАТЫНДА

Мемлекет басшысының саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі және кешенді жұмыс жүргізіліп, жемқорлыққа қарсы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттар жоспарлы түрде енгізіле отыра, пәрменді қылмыстық-құқықтық шаралар іске асырылып жатқандығын атап өтті  агенттік төрағасы Алик Шпекбаев.

Қазақстанда жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту және еліміздің Дүниежүзілік Банк анықтайтын «Мемлекеттік басқару индикаторлары» бойынша қол жеткізген жетістіктері мәселелерін талқылау және ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында 14 қазанында Алик Шпекбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен және АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы ұйымның орталық кеңсесінің мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандарының қатысуымен кеңес өткізді.

Кездесу барысында Агенттік төрағасы екінші тараптың назарын Қазақстанның саяси жаңғыруының негізгі аспектілеріне аудара отырып, жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзекті новеллаларын таныстырды.

Өз кезегінде Жан-Франсуа Марто еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жетістіктерін жоғары бағалап,  «Қазақстан мемлекеттік басқарудың 6 индикаторының ішінен дәл осы жемқорлықты бақылау көрсеткіші бойынша ілгері жетістікке қол жеткізді. Бұл Агенттіктің елдік табыстағы жетекші рөлін айғақтайды. Соңғы екі жылда Қазақстан жемқорлықты тиімді бақылайтын елдер санатына айтарлықтай жақындай отырып, пайыздық дәрежені 19,7%-дан 43,8%-ға дейін екі есеге жақсартты. Бұл қабылданып жатқан шаралардың нәтижелілігін және жемқорлықты жоюға бағытталған нақты әрекеттерді көрсететіні сөзсіз», — деп атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу-профилактикалық жұмыс бойынша цифрлық жүйелерді енгізу, Агенттіктің өзекті жобаларын мақсатты қаржыландыру, сондай-ақ Орта Азия өңірінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазақстандық тәжірибесін тарату мәселелерін пысықтауға келісті.