![1c08de1f31989dcb2298af73066f6a26_original.267522](https://country-news.kz/wp-content/uploads/2020/07/1c08de1f31989dcb2298af73066f6a26_original.267522-678x381.jpeg)
Шымкент қаласындағы Бадам шағын ауданына қарасты 195-орам тұрғындары биыл толығымен ауыз су мен көгілдір отынға және электр жарығымен қамтамасыз етілетін болады. Аталған шағын ауданның тұрғындарымен кездескен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов осылай деді.
Кездесу барысында аудан әкімі барлық инфрақұрылым жұмыстары аяқталған соң асфалть жол төселіп, қоғамдық көлікте қатынайтынын жеткізді.
Сондай-ақ, ол алдағы уақытта мектеп пен балабақша салынатынын да атап өтті.Бұған дейін 195-орамдағы 300-ге жуық отбасы суды тасымалдап пайдаланып келген болса, жеке меншік қуат реттегіштен қымбат энергия жарығын алып келген.
Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр. Жауапты мердігер компания «Жәнібек Айдос» ЖШС-нің прорабы Теңел Жақсымұратов нысанды қараша айында тапсырамыз деп отыр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі