![80def8bb05936b90528ac43e1a7d6f59_original.326660](https://country-news.kz/wp-content/uploads/2020/11/80def8bb05936b90528ac43e1a7d6f59_original.326660-678x381.jpeg)
Шымкент қаласындағы Қайтпас-1 шағын ауданында орналасқан «Қасірет» мемориалды шатқалын абаттандыру жұмысы қолға алынды. 13,6 гектар аумақты кезең-кезеңмен көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Одан өзге, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, қаладағы 8 саябақ пен 38 гүлзарды күтіп ұстау жұмыстарын мердігер мекеме «Шымкент жасыл қала» ЖШС-і жүргізген.
Бұл жұмыстардан бөлек биыл 5 гүлзар, атап айтқанда Қонаев-Ғ.Иляеев көш., Қонаев-Түркістан көш., Байтұрсынов ескерткіші, 8 ш/а аллея, Ипподром аумағы көгалдандырылған. Ал 4 гүлзарда («Чернобыль», «Шәмші әлемі», «Әл-Фараби алаңы» және «Балалар темір жолы станциясы») қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, қаладағы 22 фонтан мен 33 скважинаны күтіп ұстау жұмыстарына қаржы қаралып, жұмыстар кестеге сай атқарылуда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі