ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Әсет Маратұлы Әбдіраханов қалалық цифрландыру басқармасының басшысы болып тағайындалды.  

Әсет Маратұлы 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мамандығы – экономика және құқық бакалавры, урбан инжиниринг магистрі. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасымен Манчестер университетінде білім алған.  

Қызмет жолы  2010-2012 жылы «Вертикаль-Т» ЖШС-де маркетинг маманы болудан басталған. 2012 жылы «Шымкент Октан» ЖШС мұнай өнімдерін қабылдау цехы бастығының орынбасары болған.

2012-2013 жылдары Астана қаласында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Екіжақты ынтымақтастық басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы, кейіннен сарапшысы болып қызмет атқарған.  2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ұйымдар басқармасының сарапшы, 2014-2015 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Активтерді басқару департаменті Мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының сарапшысы, кейіннен бас сарапшысы болған.    

Сонымен қатар, Әсет Әбдіраханов 2015-2017 жылдары Шымкент қаласы кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары, 2017-2018 жылдар аралығында Шымкент қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымын атқарған. 2018-2019 жылдары Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарған. 

 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс жасаған.   

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі