Шымкент қаласындағы 734 білім беру мекемелерінде 317 278 балалар білім алуда

2019-2020 оқу жылында Шымкент қаласындағы 734 білім беру мекемелерінде  317 278 балалар білім алуда. Оның ішінде: 

  • мектептер – 169, оқушы саны – 214 236 (орта мектеп – 133, оқушы – 199 557, кешкі мектеп – 4, оқушы – 736, мамандандырылған мектеп – 5, оқушы – 4 401,  арнаулы мектеп-интернат – 5, оқушы – 836, жекем. – 22, оқушы – 8 706);
  • балабақшалар – 521, бала саны – 75 386 (мем. – 82, бала – 19 375, жекем. – 439, бала – 45 188, мектепалды даярлық топтар – 10 8623 бала);
  • колледждер – 30, студенттер саны – 27 217 (мем. – 11, студент – 13 831, жекем. – 19, студент – 13 386);
  • қосымша білім беру мекемелері – 9, бала саны – 20 061;
  • арнайы мекемелер (ПМПК – 1, ППТК – 3, Оңалту орт.) – 5, бала саны – 439.

Бүгінгі таңда, басқармаға қарасты мектептердің 131-і типтік ғимаратта, 6-ы ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.

Мектепке дейінгі білім беру. Шымкент қаласындағы 521 мектепке дейінгі мекемелерде 75 386 бала қамтылған (о.і. 82 мемл. – 19 375, 439 жекем. – 45 188,  мектепалды даярлық топ – 10 823).

Қазіргі таңда,  қаладағы балабақшамен қамтуды қажет ететін 3-6 жас аралығындағы 68 543 баланың 67 989-ы немесе 99,1%-ы  мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған.

Техникалық және кәсіптік білім беру.  

Шымкент қаласындағы 30 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында    (11 мемлекеттік, 19  жеке меншік) 27 217 студент білім алуда (мемлекеттің тапсырыс аясында 11 883, ақылы негізде 15 334).  Мемлекеттік 11 колледжде 13 831 студент, 19 жеке меншік колледжде 13 386 студент білім алады.

2018-2019 оқу жылында колледж бітірушілерінің саны – 8 794 (11 мемлекеттік — 4 434 студент, 19  жекеменшік — 4 360 студент) жұмысқа орналасқандарының жалпы үлесі 90% құрайды.

Қосымша білім беру. Қаладағы 9 қосымша білім беру ұйымдарында 20 061 бала түрлі үйірмелер мен секцияларға қамтылған. Одан бөлек, қаладағы 21 спорт мектептерінде 15 561 бала, 5 спорттық клубтарында 2854 бала қамтылуда.

Басқармаға қарасты 133 мектепте 131 903 оқушы (66%) мектеп жанындағы үйірмелерде және 82 044 оқушы (41,1%) мектеп жанындағы спорттық секциялармен  қамтылған.  

Ағымдағы жөндеу жұмыстары. 2019 жылы 120 мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын (ақтау, сырлау) жүргізу үшін 158 млн. 965 мың теңге қаржы қаралып, келісім-шартқа сәйкес жөндеу жұмыстарын аяқтау 2019 жылдың 20 тамызына жоспарланған. Ағымдағы жөндеу жұмыстары  белгіленген мерзімде толығымен аяқталды. 

Күрделі жөндеу жұмыстары. 2018 жылы 11 білім мекемесі (№№28,30,43,47,64, 65,104, 116 мектептер,  №40 б/б, 118 б/б, ЖУТО) күрделі жөндеуден өткізілді. Қаржы — 2 706 658,0 мың теңге.

Ағымдағы жылы күрделі жөндеуді қажет ететін 6 мектеп (№4,12,18,36,122,120 жом) және 5 балабақшаға (№13, 28, 45, 49, 95 б/б бб) жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. Жөндеу жұмыстарын 2020 жылы жүргізу жоспарланып отыр.

Цифрлық білім беру ресусртарын қолдану.  Қала мектептерінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша 2017-2018 оқу жылынан бастап «BilimLand» білім беру платформасына 130 мектеп онлайн режимінде 100% қосылып жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күнде, цифрлық білім беру ресурстарына қосылу үшін мектептерге 6 481 аккаунт берілген.  

«BilimLand» білім беру платформасы арқылы мектептер бастауыш сынып курстары,  гуманитарлық циклдегі курстар жене жаратылыстану бағытындағы пәндер бойныша цифрлық білім ресурстарын қолдануда.

Сонымен қатар, «iTest» ҰБТ дайындау бағдарламасы бойынша виртуалды кешен, «iMektep» (аудиовизаулды туынды – анимациялық фильм) анимациялық сабақтар мен ойын түріндегі тапсырмалар,  «Twig»  мектеп бағдарламасына негізделген фильмдер, мультимедиялық материалдар және тапсырмалар жинағын қолдануда.