ШЫМКЕНТ: КІЛЕМДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖАЛҒАСУДА

Шымкенттегі «Астана» бизнес орталығында «Dala kilemderi» атты он күндік жәрмеңке жалғасын тауып жатыр. Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасы Елбасының бастамасымен құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орын тепкен. Халықты отандық өніммен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шарада кілемдерге 20, 30 пайыздық жеңілдіктер жасалып отыр.

Бал текстиль компаниясының ұйымдастыруымен өткен көрмеге 1500-ден астам кілем және кілем бұйымдары қойылып отыр. Мұндағы барлық өнім нарықтағы бағадан төмен бағада саудаланады.
Жәрмеңкені өткізудегі мақсат — отандық өнімнің сапасы шетелдік кілемдердің сапасынан кем түспейтінін дәлелдеп, танымалдығын халық арасында арттыру. Сол себепті мұнда отандық өнімдермен қатар Бельгия, Түркия, Иран, Ресей, Өзбекстан мен Молдова елдерінің өнімдері ұсынылған.

Талғат Искахов – «Бал текстиль» кілем фабрикасының директоры

Келушілердің назарына эксклюзивті кілемдер мен жаңа тауарлар топтамасы ұсынылып отыр.  Ұйымдастырушылар кілемді дұрыс таңдау мақсатында арнайы мастер класстар да өткізеді.  Дана Қосыбаева жәрмеңке өтеді деген жаңалықты есітіп, Қарағанды облысынан арнайы  келіпті.  Өзіне ұнаған  төрт бірдей  кілемді  сатып алып, қуанып жатыр.

Дана Қосыбаева —  тұтынушы

Гүлжаухар Ахметқызы – тілші

/Жоғары сапа, қолжетімді баға. Үшінші мегаполисте төртінші жыл қатарынан өтіп жатқан көрмеге келген жұрттың қарасы қалың. Жәрмеңкеде қонақтардың назарына 1 мыңнан астам кілемдер мен оның түрлері ұсынылуда. Жәрмеңке қарашаның 10-на дейін жалғасатын болады./

Г.Ахметқызы