![126356282_2799100090336340_4875439055027287301_n](https://country-news.kz/wp-content/uploads/2020/11/126356282_2799100090336340_4875439055027287301_n-450x381.jpg)
Шымкентте Азат, Қарабастау, Қаратөбе, Бадам-1, Өтеміс, Шапырашты, Жыланбұзған, Самал-3, Қайтпас-1 елді мекендер сапалы электр желісімен қамтылды.
Бұдан бөлек, қазірде Асар-2, Тассай, Ақтас-1,2 шағын аудандарында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңында аталған елді мекендегі 8 мыңнан астам тұрғын сапалы электрге қол жеткізеді.
Биыл сапасы төмен электрден жарық алатын 16 елді мекеннің ішкі электр жүйелері мен қаланың солтүстік бөлігін сапалы электрмен қамтуға мүмкіндік беретін 3 қосалқы станцияның құрылысы жүргізіліп отыр.
Сонымен қатар, жыл соңында 7 нысанның құрылысы аяқталса, 13 елді мекенде 23,5 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі