ШЫМКЕНТТЕ ІСКЕРЛІК ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Шымкент қаласында іскерлік кездесулер мен халықаралық іс-шараларды ұйымдастыратын MICE(Meetings, Incentives, Conferences, Events)индустриясына көңіл бөлініп отыр.

Осы бағытта туризм басқармасы «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясымен бірлесе қаладағы қонақ үй менеджерлеріне, туристік операторлары мен агенттіктерге арнайы семинар-тренинг өткізді.

Аталған семинарда 25 жуық компания өкілі туризм саласын дамыту бойынша ақысыз білімін жетілдіруге мүмкіндік алып отыр.

Дәріс барысында халықаралық іс-шараларды дестинацияға тарту, іскерлік кездесулердің негіздерін басқару, сату саласын оңтайландыру және халықаралық ассоциациялардың іс-шараларын тарту әдістері мен замануи трендтер секілді тақырыптар талқыланды.

Туристік индустрия жұмысының жеке, топтық немесе корпоративтік тиімділігін арттыру бағытында сабақ алған мамандар мәдени қаламызда халықаралық жиындарды ұйымдастыруға ықпал етеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі