ШЫМКЕНТТЕ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

Сыбайластықтың алдын-алу үшін қоғамдық санаға серпіліс жасау қажеттігі туралы М.Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы «Парасат» басқармасында өткен профессор-оқытушыларымен онлайн кездесуде айтылды.

Қоғамда адалдық, парсаттылық қағидаларын насихаттау мақсатында құрылған  штабтың маңыздылығы түсіндіріліп, жастарды парасаттылық құндылықтарымен сабақтастыра отырып тәрбиелеудің маңыздылығы мен  қоғамды қалыптастыратын келешек жастар екендігі кездесуде кеңінен айтылды.

Адамдық пен адалдық, сенім мен парасаттылық қағидаттары айтылған рухани жиында Штаб мүшесі Гүлбақыт Дулатова  еліміздің болашағы аталған құндылықтарды бойына сіңірген азаматтардың қолында екендігін, ал сол азаматтарды тәрбиелеуде жиынға қатысушылардың рөлі күшті екендігін жеткізді.

Шара соңында қатысушылар жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 1424 Call-орталығына хабарлауға шақырылды.