![2020_10_07_2722832-1-810x414](https://country-news.kz/wp-content/uploads/2020/11/2020_10_07_2722832-1-810x414-1-678x381.jpg)
Бұдан былай олар да әскери қызметшілер секілді тұрғын үй төлемдері түріндегі қолдауға ие болады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
«Заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері белгіленеді. Тұрғын үй мәселесін шешу, қызметкерлердің тиісті уәждемесін қамтамасыз ету мақсатында ғана емес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін де маңызды болып табылады», — деді О.Бектенов.
Ақпарат көзі: www.egemen.kz сайты