Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1-ші қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған болатын.
Жолдауда үнемделген қаражаттың есебінен қалған қызметкерлердің жалақысын көбейтетіні көрсетілген.
Еңбекақысы аз мемлекеттік қызметтің қоғам үшін пайдасынан зияны көп. Бұл мәселеге жете назар аудармау кері кетуге, біліктілік пен бастамашылдықтан айырылуға, сондай-ақ ең сорақысы, жемқорлыққа әкеп соқтырады, — деді Мемлекет басшысы.
Сондықтан 2021 жылғы 1 шілдеден бастап балдық-факторлық жүйе енгізілетін болады.
Мұндай жоба мемлекеттік қызметшілердің құлшынысын арттырып, жауапкершілігін нығайта түседі.
Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа пилоттық жүйесі жоба ретінде бірқатар қалаларға енгізілген. Соның ішінде республикалық маңызы бар Шымкент қаласында қазіргі таңда қолданылады.