![125499668_450965236066974_1016527362768636696_n](https://country-news.kz/wp-content/uploads/2020/11/125499668_450965236066974_1016527362768636696_n-600x381.jpg)
Салауатты өмір салты бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайту жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір сүру салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53%-55%-ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екені айқын.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың шаралары;
1) Қимыл белсенділігі;
2) Дұрыс толыққанды тамақтану;
3) Жарақаттың және жұқпалы аурулардың алдын алу;
4) Зиянды әрекеттерден алшақ болу. Оның ішінде; ТЕМЕКІ ШЕГУ, ІШІМДІК ІШУ, ЕСІРТКІ ЗАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУДАН;
5) Күйзеліс (стресс) пен кикілжің болдырмау;
6) Экологияның денсаулыққа әсері, ТАЗА АУАДА СЕРУЕНДЕУ — деп хабарлайды Шымкент Бейімдеу орталығы.