Қазіргі заманғы әлемде спорт пен саламатты өмір салты экономикалық дамумен бірге, азаматтардың өмір сүру сапасының негізгі көрсеткіштері қатарынан орын алады және халықтың әлеуметтік жұмыспен қамтылуының маңызды аспектісі ретінде қарастырылады әрі солай болып табылады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында айтылған.
Зерттеулер мемлекеттік саясат басымдықтарын айқындауда түйінді рөл атқарады, ел өңірлеріндегі сала дамуының жай-күйін бағалайды, спортқа қатысуға ықпал ететін жағдайларды талдайды, кедергілерді анықтайды.
Тұтастай алғанда, дамыған шет елдерде спорт және дене шынықтыру саласы, денсаулық сақтауды, білім беруді, көлік инфрақұрылымын, қалалық жоспарлауды, еңбекті қорғауды, дұрыс тамақтану мен өзгелерді қоса алғанда, саламатты ұлтты дамыту тұрғысынан қаралған.
Шетелдік тәжірибені зерделеу негізінде тұжырымдамада саламатты ұлтты дамытудың негізі ретінде спорт пен дене шынықтыру саласын дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау көзделген.
Бұл ретте тұжырымдама шеңберінде аурулар мен теріс әлеуметтік құбылыстар профилактикасының құралы ретінде бұқаралық спортты дамытуға; спортты жастарды адамгершілік, эстетикалық және зияткерлік тұрғыдан дамытуда пайдалануға баса назар аударылған.
«100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспарында Мемлекет басшысы қойған Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуын қамтамасыз ету жөніндегі міндетті ескере отырып, спорт пен саламатты өмір салтын таңдайтын саламатты ұлтты қалыптастыру жөніндегі ортақ мақсатқа және ведомствоаралық өзара іс-қимылға негізделген спорт саласын дамытудың жаңа моделін жасау қажеттілігі көрсетілген.
Дене белсенділігі ұлт саламаттылығының бастау көзі ретінде қаралады.
2020 жылы Шымкент қаласында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағыты (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету)шеңберінде 3196 жас оқуға орналастырылды. Оның ішінде:
- 9-11 сыныпты бітіруші кәсіптік білімі жоқ, оқу орындарына түспеген 1196 оқуға жолданды (оқу 2020 жылдың 1 қыркүйегінен басталды, мерзімі орта есеппен 2 жыл 5 ай).
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 21 мамандық бойынша 686 жастар оқуға жолданды.
Жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша 9 357 жас жұмыспен қамтылды. Оның ішінде,
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі қалада бойынша 5,2 пайыз, оның ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайыз құрап отыр (2020 жылдың 2 тоқсаны).
Студенттердің жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында студенттік құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру бойынша Шымкент қаласында құрылыс жүргізіліп жатқан құрылыс мекемелерімен үш жақты келісім-шартқа тұрып, студенттерге 200 бос жұмыс орны ұсынылып, жұмыстар атқарылды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы жастар арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жалпы 703 жас қолдау шараларына ие болды. Атап айтқанда,
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге 1343 жастар оқуға жолданды;
- 10 жасқа ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қорымен шағын несие берілді;
- 350 жасқа 200 АЕК көлемінде грант берілді.