ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен Шымкент қаласында діни экстермизм мен терроризмнің алдын-алу бағытында жұмыс жасайтын Жастар ісі секторына жаңа жетекші тағайындалды.
Дәлірек айтқанда, Бас мүфти бұйырығымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бағытында тәжірибесі мол, білікті маман Керімбеков Анарғали Пірәліұлы Шымкент қаласы орталық мешітінің наиб имамы қызметінен босатып, Шымкент қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі әрі қосымша жүктеме ретінде «Масжидур Рохман» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.
Таныстыру шарасына Шымкент қалалық орталық мешіттің наиб имамы Еркебұлан Қарақұлов қатысып, Шымкент қаласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бағытында бар күш-жігерін салып, жастардың тура жолмен жүруіне жол көрсететін жастардың серігі болуын тілеп, қаланың бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының сәлемін жеткізді.