Еліміз зайырлы, құқықтық мемлекет. «Зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, діннің мемлекет саясатына араласпайтынын білдіреді.
Яғни зайырлылық дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы. Зайырлылық сипаты-ізгілік пен қажеттілік.
Өркениетті елдер зайырлылық дәстүрін таңдауда. Елде дінді ұстану мен бірлестіктердің жұмысын реттейтін заңдылықтарды мемлекет белгілейді және бақылайды.
Қазіргі таңда, біздің қоғамдағы Ислам атын жамылған ең үлкен қайшылық уахабилік, сәләфилік бағытты ұстанушыларға қатысты болып отыр. Олардың өздерінің теріс те зиянды пікір тұжырымдарын айналасындағыларға уағыздауы жасырын емес.
Мұндай теріс әрі зияны мол амал-әрекеттердің алдын алудың жолы, сақтану жолы-ол білім. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнін жоқ» дегендей, дәстүрлі Исламды яғни Исламдағы Ханафи бағытында сауатымызды ашып, ізденуіміз керек.
Сонымен қатар, жауабы табылмаған діни сұрақтарыңыз болған жағдайда, білікті теолог (дінтанушы) мамандарынан, медресе ұстаздарынан мазалаған сұрақтарыңызға жауапты алуға тырысыңыздар. Шүкір, елімізде діни сауат аламын деушілерге бар мүмкіншіліктер жасалған. Білікті мамандарымыз, ұстаздарымызда жеткілікті. Сізден тек ниет және әрекет керек.
Әр саланы өз маманынан біліп, үйренгеніміз жөн. Егерде сіз «электрик» мамандығынан алыс болып, үйіңіздегі, немесе тағы басқа жердегі тоққа қатысты бұзылған нәрсені реттеуге кіріссеңіз, оның арты не болатынын білесіз.
Дін мәселесі де осындай, егер білімсіздіктен қандай да бір шешімге, түжырымға келсеңіз, өміріңізді адасуға әкеледі.
Құранның көп жерінде ойланбайсыңдар ма, ақыл жүгіртпейсіндер ме деп келеді. Мысалы: бізге бірі келіп, қолданыстағы бір затты (дәптер, айна т.б.) көрсетіп, оның көріп тұрғаныңыздай тек алды бар, артқы тарапы, жаны жоқ десе, біз егер ол адамның сөзі қаншалықты дұрыстығын ізденбестен сенер болсақ, оны дәл солай қабылдаймыз.
Ұстаздардан дәріс алмай, білімді керек етпей, көрінгеннін айтқандарына иланып, артынан ере берсек, арты адасуға, қайғы-қасіретке әкеп соғады. Осыны жадыңызда сақтап, ұл-қызыңызға ескертіп отыруды ұмытпаңыз. Дәстүрлі дінімізде қателесуге орын жоқ.
Қазіргі таңда, елміздегі білім иелерінің жолы, Ханафи мәзһабынын негізін салушы Әбу Ханифаға келіп тірелсе, білімнің, танымнын, жолдың басы, екі дүние мақтанышы, көркем мінез иесі пайғамбарымыз Мұхаммедке келіп тіреледі.
Қазакстанда мекендеген халықтың 70 пайызы Ислам діні, Ханафи мәзһабын ұстанады. Әбу Ханифа мәзһабы өзге діни мектептермен салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік берумен, демократиялығымен де ерекшеленеді. Біздің жартылай көшпелі халқымыздың бұл мәзһабты қабылдауының тағы бір себебі өз дүниетанымы, болмысы мен діліне онын тонның ішкі бауындай жақындығында. Бұл бағыт суннитік басқа мәзһабтарға қарағанда неғұрлым толерантты, қанағатшыл, жергілікті әдет-ғұрып, салт-сана заңдарымен, дәстүрлі нормаларымен санасатын мектеп. Өкініштісі, жалпы мәзһабты керек етпей, ұстаным жолын қате жол деп, шетел асып, кімнен және қай жерден білім алып жатқандығы, сонымен қатар ол жерде қандай мақсатта білім беріп жатқандығын зерттеп, зерделеп, қарамастан қабылдап, адасып жатқан бауырларымыз, отандастарымыз, қарындастарымыз қаншама.
Бұл тек біздің мемлекетімізде емес, бүкіл елдегі қасірет, қауіп деп айтсақ артық болмас. «Дін ұстай алсақ қасиетін, ұстай алмасаң қасіретің» боларын ұмытпайық.
Пайғамбарымыздан жалғасып келе жатқан көш, қияметке дейін жалғасын табады. Көш жүреді, ит үреді дегендей, көштен бөлініп, сананы улап, өз идеологияларын тықпалап жүрген топтардың болашағы болмай, заң алдында жауапқа тартылып, қияметте жаратқанның алдында есебі қапы болатынын естен шығармағанымыз жөн. Өмір дария, дарияға жіберілудегі мақсат ағыспен ағу емес, жағаны табу.
Асыл дініміз «Білімді іздеу әрбір мұсылман еркекке де әйелге де парыз» деп, білім іздеуді еркек, әйел бәріне міндет еткен. Еліміздің ертеңі өскелең ұрпақ, жастарымыздың қолында болғандықтан, жастарымыз білім, ғылыммен қаруланса дегенім. Елдің ертеңін ойласақ, дінімізді, тілімізді, тарихымызды, дәстүрімізді қылмайық.
Білімнен адамның адамшылығы басталады дегендей, «білімді ұрпақ ел болашағы» екенін ұмытпай, ағымдардан сақ болайық ағайын.
Дінтанушы Сейтжанов Ерлан
Ақпарат көзі:haqjoly.kz