Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі саналады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.
Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
Білім беру жүйесіндегі Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру үшін 7–9 сынып оқушыларында 77 260 баланы қамтыған «Адал Ұрпақ» клубы ашылған.
Колледж деңгейінде академиялық адалдық «Саналы Ұрпақ» жобасы жүзеге асырылуда.
Беделді қоғам құру үшін қаланың барлық мектептері мен колледждерінде сатушылары жоқ «Адалдық дүкені» ашылған.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 1424 Call-орталығы мен «Шымкент — адалдық алаңы» жобасын халық арасында кеңінен таныту мақсатында арнайы дайындалған эскиздер қала көшелеріне 27 билбордта орнатылып, LED-экрандарда (тәулігіне 300-ретке дейін) көрсетілді, сондай-ақ, қоғамдық көліктерге де орналастырылды. Жемқорлыққа төзбеушілікке бағытталған аудио-роликтер «Оңтүстік» радиосы мен жергілікті телеарналардан («ONTUSTIK», «Айғақ», «Отырар») «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбындағы бейнеролигі көрсетілуде.
Азаматтарды әділеттілік пен парасаттылыққа баулу мақсатында қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне «Жемқорлық қоғам дерті» мұралдары салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.