Антибиотиктердің адам ағзасына әсері

Антибиотиктер микроорганизмдердің өсуіне, өсімдіктер мен жануарларға және  кейбір қатерлі ісіктерге әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді.

Антибиотиктердің пайда болуымен қатар микробтардан туындайтын белгілі ауруларды нәтижелі емдеу мүмкіндігі пайда болды. 

Көптеген халық арасында бұл антибиотиктер әмбебап (жан-жақты) болып табылмайды, өйткені олардың әрқайсысы өзіне белгіленген, өзіне сезімтал микроорганизмдерге ғана әсер береді.

Мысалы: цефазолин (цефалоспорин антибиотиктерінің қатары) өкпе қабынуына, сепсиске, терінің іріңді ауруларына, катаралды баспаға және басқа іріңді кеселдерге жақсы әсер етеді.

Антибиотиктердің пайдасы мен зияны бірге жүреді. Ол іштегі зиянды және  ағзаға қажетті микроорганизмдерді қатар жояды. Сондықтан  тек қана дәрігердің нұсқауымен  қабылдаған жөн.

Антибиотиктер ағзадағы зиянды және пайдалы екендіктеріне қарамастан барлық тірі микроорганизмдерді өлтіреді. Сондықтан антибиотиктерді қабылдаған кезде ішек микрофлорасын реттейтін, құрамында бифидо, лактобактериялары бар препараттарды бірге ішкен жөн. Себебі антибиотиктер ішектегі қажетті микроорганизмдерді жойып, ішектің микрофлорасын бұзады.

Ал иммунды жүйені қалыптастыруға, организмге қажетті дәрумендердің сіңірілуіне байланысты ішек микрофлорасының атқаратын қызметі өте зор. Мәселен, ішкен асты өңеш асқазанға жеткізсе, асқазан арқылы он екі елі ішек пен аш ішекте сіңірілу процесі жүреді.

Ал қажетті микрофлора жойылып кеткен кезде адам түрлі асқазан-ішек ауруына шалдығады. Пайдалы микрофлораны қайта қалпына келтіру өте қиын.

Емдеуші дәрігердің микробиологпен етене жақын бірге жұмыс жасауы ауадай қажеттілікке айналды. Емдеуші дәрігер ауруларға дәл диагноз қою үшін антибактериялық сезімталдығын анықтауға зертханаға сынамаларды жібереді.

Антибиотиктер сезімталдық жағынан үш топқа бөлінеді:

1. Сезімтал — жалпы ауруларды емдеу кезінде жақсы нәтиже алу үшін антибиотиктердің кәдімгі терапевтік дозалары жеткілікті болады.

2. Орташа — жалпы ауруларды емдеу кезінде жақсы нәтиже алу үшін антибиотиктердің дозалары көбейтілген мөлшерде алынады.

3. Тұрақты — антибиотиктермен емдеу кезінде ешқандай нәтиже бермейді.

Сөзді түйіндей келіп, тек қана дәрігердің тұрақты бақылауының, толық, үзбей курсын қабылдауының арқасында антибиотиктермен емдеу жақсы нәтиже беретінін баса айтқан жөн.