АВТОБУСТАРДА АБАЙ ӨЛЕҢІ ОҚЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы кітап жолы–bookway акциясын өткізді. Іс-шараның өзектілігі ғұлама ойшыл Әл-фарабидің 1150 жылдығы мен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын кең көлемде атап өту болатын.

Бүгінгі акция аясында кітапхана қызметкерлері қоғамдық көлікке мінген, жолаушыларға Абай туралы сұрақ қойып, дұрыс жауап берген адамдарға сыйлықтар таратып шықты. Сондай-ақ театр әртістері Абай өлеңдерін оқып, халықты кітап оқуға шақырды.Бүгінгі өткізіліп отырған іс-шара шахар т ұрғындарын кітап оқуға баулу дейді сала мамандары.  Мұндай шаралар алдағы уақыттада жалғасын табады.

Құндызай Елкеева–Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ демекші, кітап адам баласы үшін қашанды құнды дүние болатыны анық. Мұндай игі бастамалар жүзеге асатын болса, өскелең ұрпақтың азда болса кітапқа қызғушылығы артуы бек мүмкін.

Ө. Мырзабек